1985 жылы 25 қаңтарда «Авангард» кинотеатрында Федоровка селосының тұрғындарының «Маршал Жуков – менің әкем» кітабының авторы М. Г. Жуковамен кездесуі өтті. Жиын Ұлы Жеңістің 40 жылдығы мен тың жерлерді игерудің 30 жылдығына арналды. Кеңес Одағының Маршалы, төрт мәрте Кеңес Одағының Батыры Г. К. Жуковтың қызы аудандық кітапханаға кездесуді еске алу мақсатында «Г. К. Жуковтың естеліктері мен толғаулары»  атты қолтаңбасы бар кітапты  сыйлады.

25 января 1985 года в кинотеатре «Авангард» состоялась встреча жителей п. Федоровка  с автором книги «Маршал Жуков – мой отец» Жуковой М.Г. Встреча была посвящена 40 – летию Великой Победе и 30 – летию  освоения целины. В память о встрече дочь маршала Советского Союза, четырежды Героя Советского Союза  Г. К. Жукова   подарила районной библиотеке книгу с автографом  «Г.К. Жуков воспоминания и размышления».