Жазушы Ақылбек Шаяхметпен шығармашылық кездесу

2022 жылдың 20 сәуірінде Федоров аудандық орталық кітапханасында аудан әкімі Т.Қ.Исабаевтың, мемлекеттік мекеме өкілдерінің, кітапханашылардың, ауылдың оқу орындарының оқытушылары мен оқушыларының қатысуымен жазушы Ақылбек Шаяхметтің «Ақын-елдің ардағы» шығармашылық кездесуі өтті. Бұл керемет автордың қаламынан көптеген өлеңдері, драмалары, миниатюралары, мақалалары шыққан. Сонымен қатар оның көптеген кітаптары да жарық көрді. Ақылбек Шаяхметтің есімі тек біздің облыста ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі. Кездесу өте жоғары деңгейде, жайдары және еркін атмосферада өтті. Шақырылғандар Ақылбек Қожаұлының шығармашылығы туралы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады, оқушылар өлеңдер оқып, сұрақтар қойды. Жазушының қоғамдық, отбасылық өмірі мен жазушылық қызметін қалай үйлестіре алатынын; мектепте оқып жүргенде кім болуды армандағанын; қазақстандық авторлардың қайсысы қазақ поэзиясы мен прозасының шыңы деп санайтынын; бос уақытында оның сүйікті ісі жайында және т. б. білуге қызығушылық танытты. Кездесу соңында Арғынбек Бейбітханның орындауында терме шырқалды. Ақылбек Қожаұлы кітапханаға естелік ретінде қолтаңба қойылған кітаптарды сыйға тартты. Жазушымен кездесу барлық қатысушылардың көңілінен шықты.

Творческая встреча с писателем Акылбеком Шаяхметом

20 апреля 2022 года в Федоровской центральной районной библиотеке состоялась творческая встреча «Ақын – елдің ардағы» писателя Акылбека Шаяхмета с  участием акима района Исабаева Т.К., представителями государственных учреждений,  библиотекарями, преподавателями и учащимися учебных заведений села. Перу этого замечательного автора принадлежит много стихотворений, драм, миниатюр, статей; издано много его книг. Имя Акылбека Шаяхмета известно не только в нашей области, но и далеко за ее пределами. Это мероприятие стало настоящим событием.  Встреча прошла в удивительно теплой и непринужденной обстановке. С большим интересом и вниманием приглашенные слушали рассказ Акылбека Кожаевича о его творчестве, учащиеся читали стихотворения, задавали вопросы. Было интересовало узнать,  как писателю удается совмещать общественную, семейную жизнь и писательскую деятельность; кем он мечтал стать, когда учился в школе; кого из казахстанских авторов считает вершинами казахской поэзии и прозы; его  любимые занятия в свободное время и т.д. В завершение встречи в исполнении Арғынбека  Бейбітханның под завораживающие звуки домбры прозвучало терме. Акылбек  Шаяхметов  на память о своем везите библиотеке подарил книги с автографом. Встреча с писателем принесла всем присутствующим массу положительных эмоций и стала для многих удивительным и интересным открытием.